Жаңалықтар

Elementor #2133

2022 жылғы 21 қаңтардағы №5(1952) «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінде Шымкент қаласы ББ «индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары, Э.Ғ. М. К. Ибраимкуловпен «ертең терезесі бар Колледж»тақырыбына сұхбат-мақала жарияланды. Бұл мақалада колледждің құрылу тарихы, оқу орны дайындайтын мамандықтар туралы, колледждің материалдық-техникалық базасы туралы, оқытушылар туралы және колледж студенттерінің жетістіктері туралы айтылады. Мақала авторы журналист Евгения Ефименко.

Elementor #2119

«ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
14.01.2022ж.ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2022 жылдың 24 қаңтарға дейін студенттердің демалысының ұзартылуы.
2. «Студенттер вакцинасы»; 12 жастағы және одан асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде және ата-анасының келісімімен алу.
4. Вакцина төлқұжатын ЕГОВ порталдан онлайн алу жолы бейнефильм көрсетілді.
5. Әр түрлі сұрақтар.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Шевлягин Алексей Алексеевич
ҚК мүшелері:
Калиева Нурсулу Абдешовна
Исаков Бекмуханбет Серикович
Жургенбаева Назира Матышевна
Кеңес Шерхан Усенұлы
Көлбаев Ерлан Ахметұлы
Тултаева Гулбану Асхановна
Кравченко Надежда Михайловна
Хатшы
Әлеуметтік педагог: Асильбекова Улдана Алимовна

Elementor #2103

Шымкент қаласы білім басқармасының “Индустриалды -техникалық колледжі” МКҚК-ның “Дене тәрбиесі және алғашқы технологиялық дайындық” пәндік циклдік комиссиясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 29 желтоқсан студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында баскетбол үйірмесіне қатысуда. Үйірме жетекшісі Жақыпбек Нұрғиса Запарұлы студенттерге баскетбол ойынын ойнау әдісін уйретіп,алда келе жатқан жарыстарға дайындық жүргізіп, шеберліктерін шыңдауда.

Elementor #2089

2021 жылдың 29 желтоқсан күні МКҚК Индустриалды техникалық колледж көркемдік жетекші Е.Шабданбековтың ұйымдастыруымен
“Қош келдің жаңа жыл” атты концерттік бағдарлама өтті.іс шарада театрлық көріністер қойылып әсерлі әндер шырқалды.

Elementor #2074

2021 жылдың 29 желтоқсан күні Индустриалды-техникалық колледж студенттерімен №2 қалалық емхананың эпидемиологы Әбілдаева Фариза Медетбековна, психолог Темірханова Меруерт Бурхановна, дәрігер Ишанова Дильфуза Нарходжаевнамен «Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация» тақырыпта кездесу өтті. Кездесуде 12 жастағы және одан асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде және ата-анасының келісімімен ала алатынын айтып, төмендегі тақырыптарда студенттерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
*Вакциналар туралы не білеміз;
*Алдымен вакцинация кімге жасалатын болады;
*Вакцинация қай жерде жүргізіледі;
*Коронавирусқа қарсы вакцина салынбайтындар адамдар;
*Вакцинадан бас тартуға болады ма?
Ұйымдастырған колледж медбикелері Г.Нысанбекова, Г.Турсунбекова.

Elementor #2061

«WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бәсекелестік деңгейі өте жоғары болып, еліміздің 17 аймағынан 600-ден астам білім алушы 72 құзыреттілік бойынша сынға түсті. Додалы байқаудың әрбір қатысушысы жоғары кәсіби маман екендігін дәлелдей отырып, жеңіске деген жігерілігін көрсете білді. Дәнекерлеу технологиясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 17 үміткер қатысып, «Үздік маман» номинациясын Индустриалды-техникалық колледждің қатысушысы Әшірбай Нұрболат (жетекшісі Алтынбеков Бакдаулет Узакбаевич) иемденіп, колледжіміз жаңа белестерді бағындыруда!

Elementor #2047

БІЛІМДІ ЖАС- ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ!
Бүгін Шымкент қаласындағы Жастар Ресурстық орталығында «Білімді жас – Қазақстанның болашағы» атты ерекше іс-шара өтті. Іс-шараға алдағы уақытта Еліміз бен қаламыздың түрлі өндірістік салаларында қызмет ететін колледж студенттері – болашақ маман иелері, кәсіпкерлер мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Мемлекет жастардың сапалы білім алып, осы заманғы техника құралдарын шебер меңгеруіне, талантты жастарды өсіп-жетілуіне барынша жағдай жасап отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық » WorldSkills Kazakhstan -2021″ жеңімпаздарын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Жұмабекұлы марапаттап, әрбір жас өренді Отанға адал қызмет етуге, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауында жеңімпаз деп танылған 7 студентке және студент жастардың шешендік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, академиялық білім деңгейін көтеру мақсатында колледж студенттері арасында өткен қалалық дебаттық пікірсайыс клубтарының жеңімпаздарына Алғыс хат және қаржылай сертификаттар табысталды.
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы жастарға арналған өз сөзінде «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мықты, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.
Жастарымыздың болашағы жарқын халқымыздың еңсесі биік болсын!

Elementor #2033

Шымкент қаласы білім басқармасы «Индустриялдық техникалық колледж» інде COVID 19 жұқпалы індетінің алдын алу шараларына байланысты Колледж студенттерін аралап…бөлім меңгерушісі Конкабаев.М.Д. медбике Турсынбекова Г…топ шеберлері Орынбасарұлы.Ә..Сатыпалды.Б..Альчынбаев.Е..Қожатаев.Қ..осы қызметкерлермен бірігіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Вакцинация- ол адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін ауруды қорғаудың қарапайым қауыпсіз және тиімді әдісі.. Вакцинациялау–ағзаны көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйені күшейтеді.

Elementor #2020

27.12.2021 ж. Индустриалды-техникалық колледж әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» циклдік комиссиясының өндірістік оқыту шебері Сманов Мурат Абдрасулович 1-курс АЭ 21-37р тобында «Металды шабу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өткізіліп, технологиялық карталары мен жұмысты орындау бойынша әзірленген нұсқаулығына оң баға беріліп, колледждің инженер-педагогтарымен тәжірибесін бөлісті.

Elementor #2006

Тәуелсіздік күні қарсаңында республика колледждерінің Үздік 100 студенті марапатталды!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде «ҚР колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау маңызды оқиға болды.
«TVET AWARDS» ТжКБ үздік студенттерін марапаттау салтанатына меценаттар, қоғам қайраткерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қоғамдық бірлестіктердің, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының өкілдері, колледж педагогтері белсенді қатысты.
Елордалық сервис және туризм колледжінің базасында колледждердің үздік студенттері мен олардың тәлімгер-педагогтері үшін «Болашаққа көзқарас» диалог алаңы ұйымдастырылды.
Байқау жеңімпаздарына ҚР БжҒМ ТжКББ департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова студенттерді шын жүректен құттықтап, әрқашан алға қойған мақсаттарына жетуге тілек білдірді.
«Talap» КЕАҚ Президенті Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы республикалық байқаудың қорытындысын туралы ақпарат беріп, үздік студенттерді құттықтады
Байқау жеңімпаздарымен кездесуге «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының жетекшісі, BTS Education бас директоры Саясат Нұрбек қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, студенттерді әрдайым және барлық жерде үздік болуға шақырды.
«Синергия» университетінің бас директоры, қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы студенттермен қызықты әңгіме өткізіп, табысты адамның қалыптасу тәжірибесімен бөлісіп, балаларға өзіне сенуді, жігерлі және позитивті болуды тіледі.
Студенттермен және педагогтермен диалог алаңында тренингтік сессиялар өткізілді, онда топтағы коуч-тренерлер soft skills дағдыларын дамыту бойынша әрбір студентпен жұмыс істеді.
Тренингтік сессиялардың спикерлері:
– Бекташов Эльнур Махмуджанович – «Talap» КЕАҚ бас менеджері, сертификатталған коуч;
– Голярко Владислав Михайлович – «Generation» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «EcoMeken» шоуының жеңімпазы, «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері;
– Мукитанов Данияр Ерланович – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның оқытуды ұйымдастыру жөніндегі Вице-президенті;
– Кутпанова Зарина Алмабековна – Назарбаев Университетінің FabLab аға менеджері;
– Нүркен Ержанов – Назарбаев Университетінің қызметті дамыту жөніндегі директоры.
ҚР БжҒМ ТжКБ педагог қызметкерлердің қызметін үйлестіру және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Бақытжан Үмітбекқызы Биекова студенттердің педагог-тәлімгерлерімен жеке дискуссия өткізді, сондай-ақ олар Шығыс Қазақстан облысының Көлік колледжі» КМҚК педагог-психологы Жуасбек Жанар Сардарбекқызының психологиялық тренингтеріне қатысуға мүмкіндік алды.
Диалог алаңынан кейін жеңімпаз студенттер мен педагогтер үшін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, онда қонақтар Елбасының өмірбаяны мен қызметімен танысуға мүмкіндік алды.
TVET AWARDS қорытынды кезеңі Оқушылар сарайында ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен марапаттау рәсімі болды. Бұл жерде студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, үздік студенттерге медальдар, дипломдар, естелік сыйлықтар табыс етті:
Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Бірінші вице-министрі;
Дүйсенханов Ермек Серікбайұлы – «Мектеп, Колледж, ЖОО» білім беру жүйесінде кәсіпкерлікке оқыту жобасының негізін қалаушы, «Мектеп, Колледж, ЖОО» кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне оқыту жөніндегі оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтың авторы, меценат,»Менің Атамекенім» қорының құрылтайшыларының бірі;
Мұқашева Айгүл Мақсатқызы – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы;
Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы – «Синергия» университетінің бас директоры, қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат;
Алтынбеков Бекзат Комарұлы – ҚР Білім беру ісінің меценаты, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;
Саясат Нұрбек – BTS Education бас директоры, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының жетекшісі;
Түркістанова Ләззат Мақсұтқызы – «Білімді ел-Образованная Страна» газетінің бас редакторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Ерекше атап өтетін мәселе – осы оқу жылында колледжді бітіретін 100 жеңімпаздың 51-і жұмыс орындарына жолдама алғандары.