Elementor #3030

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды – техникалық колледжі» МКҚК –нің Жаратылыстану – математикалық пәндер циклдік комиссияның жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 ақпан күні информатика пәні оқытушы Сапарбаева Лазат Куралбековна ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты 07161300–- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша оқитын 1 курс, АЭ21-35к тобының студенттерімен «Мобильді қосымшаларды құру» тақырыбында өтті. Сабақ өз мақсатына жетті.
Ашық сабаққа колледж әдіскері К.Ерназарова, Жаратылыстану – математикалық пәндер циклдік комиссиясының жетекшісі А.Туреева , оқытушылар Н.Мырзахметова, Г.Бейсембаева, С.Сұлтан-Мұрат, Г.Жанкарашова, М.Есимханова қатысы.
Сабақ барысында оқу әдістерінің әр түрлері қолданылып, дербес компьютерде Kahoot- әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайтта тест тапсырмаларын орындады, Mit App inventor бағдарламасында қызықты тәжірбиелік жұмыстар жасалынды. Барлық студенттер ат салысып, уақытты тиімді пайдаланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.