Elementor #3001

2022 жылдың 16 ақпан күні «ТӨЛЕМ» картасы бойынша «QAZ SMART TRANS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Құдайберген Аружан Төлегенқызымен кездесу өтті. Бұл жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау мақсатында іске асырылуда. «Төлем» картасын алу үшін телеграм-бот іске қосылды. Бұл t.me/TolemCardRegisterBot арқылы студент билет картасын алу үшін мәліметтер жібере алады. Алдымен студент мәліметтерін жібереді, содан кейін бұл деректерді модератор тексереді. Егер бәрі дұрыс болса, өтініш берушіге карта құнын төлеу үшін «Kaspi.kz» -ке өту ссылкасы келеді. Картаны жасау мерзімі — 7-10 күн.
Картаның дайындығын +7 775 213 9746 WhatsApp нөмірі немесе https://tolemcard.kz/ веб-сайты арқылы тексере аласыз (ЖСН енгізу қажет).
Дайын картаны «Төлем» фронт-кеңсесінен алуға болады.
Мекенжайы: Әл -Фараби алаңы №9, Айбергенов көшесінің қиылысы.
Кездесуді ұйымдастырған колледж әкімшілігі және қамқоршылық кеңес ұйымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.