Elementor #2961

17.02.2022ж. Индустриалды-техникалық колледжінде «Бәсекеге қабілетті маман даярлау-білім саласының басты мақсаты» тақырыбында «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жабдықтармен таныстыру бойынша өңіраралық семинар өткізілді. Семинарға Түркістан облысы колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен басшы қызметкерлері қатысып, тәжірибе алмасты.
Жабдықтармен таныстыру 4 секция: СББ станоктарында токарлық және фрезерлік жұмыстар; Дәнекерлеу технологиясы; Өнеркәсіптік автоматика және Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету мамандықтары бойынша мастер-класстар өткізілді. Осы аталған мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер мен олардың өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушылары әрбір алынған жабдықтардың қалай жұмыс жасайтындығын түсіндірді және көрсетті.
Ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуы қазіргі заман талабына сай WorldSkills халықаралық стандарттарына бағытталған, білікті техникалық саланың кәсіби мамандарын даярлауға жаңа серпін береді деп үміттенеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.