Elementor #2640

Индустриалды-техникалық колледж.
2022 жылдың 10 ақпанында «Жаратылыстану және матиматикалық» пәндік циклдік комиссиясының апталылғына байланысты оқу өндірістік шебері Есимханова Молдир Кумисбековна Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы бойынша оқитын 1 курс, ЭВ21-30к тобында «MS Excel деректерді сүзгілеу және шартты пішімдеу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты- MS Excel кестелерінде деректерді сұрыптау және жинауды ұйымдастырудың ақпараттық технологиясын игеру.
Ашық сабаққа директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.Ниязов, оқу өндірістік шеберлерінің әдіскері К.Баймусаева, Жаратылыстану және математикалық пцк жетекшісі А.Туреева, о/ө шебері Н.Мусалимова, Информатика пәнінің оқытушысы Л.Сапарбаева, Математика пәнінің оқытушысы Н.Мырзахметова қатысты. Ашық сабақ барысында тәжірибелік тапсырмалар көп болды. Студенттер жүйелік блокты ашып оның ішіндегі әр құрылғыларына тоқталып, анықтамасын айтып берді. Және де MS Word-та, MS Excel-де, HTML-тілінде, Quizlet бағдарламасында дербес компьютерде тәжірибелік тапсырмалар орындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.