Elementor #2538

2022 жылдың 8 ақпан күні Алматы қаласы «БӨБЕК» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» атты Республикалық педагогикалық оқулары өтті. Мақсаты: Ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар негізінде ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға рухани-адамгершілік білім берудің ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау.
Индустриалды-техникалық колледжінің директоры, э.ғ.докторы, профессор ИсахметовТлек Исахметович «Білім беру қызметіне өзін-өзі танудың тереңдетілген интеграциясы». тақырыпта баяндама оқыды.
«Заманауи жағдайда «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбие мен білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыпта №2 секциядағы баяндамашылар: өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары Калдыбекова Лаззат Ергеновна және Асильбекова Улдана Алимовна.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.