Elementor #2148

МКҚК Индустриалды техникалық колледж Өзін өзі басқару ұйымы студенттерінің қатысуымен
“Күшіміз бірлікте” атты іс шара өтілді. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру осы жастардың қолында, яғни болашағымыз, жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы зергек, замандық технологияларды меңгерген Қазақстанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтарға төтеп бере алмақ. Біз ұстаздар қауымы жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге білімімізді аянбай берудеміз. Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. «Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауына айналады» демекші. Ең алдымен жас келешек ұрпаққатәрбие берілуі тиіс. Себебі тәрбие берместен еш білімді қондыра алмаймыз. Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.