Elementor #2074

2021 жылдың 29 желтоқсан күні Индустриалды-техникалық колледж студенттерімен №2 қалалық емхананың эпидемиологы Әбілдаева Фариза Медетбековна, психолог Темірханова Меруерт Бурхановна, дәрігер Ишанова Дильфуза Нарходжаевнамен «Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация» тақырыпта кездесу өтті. Кездесуде 12 жастағы және одан асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде және ата-анасының келісімімен ала алатынын айтып, төмендегі тақырыптарда студенттерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
*Вакциналар туралы не білеміз;
*Алдымен вакцинация кімге жасалатын болады;
*Вакцинация қай жерде жүргізіледі;
*Коронавирусқа қарсы вакцина салынбайтындар адамдар;
*Вакцинадан бас тартуға болады ма?
Ұйымдастырған колледж медбикелері Г.Нысанбекова, Г.Турсунбекова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған