Elementor #2047

БІЛІМДІ ЖАС- ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ!
Бүгін Шымкент қаласындағы Жастар Ресурстық орталығында «Білімді жас – Қазақстанның болашағы» атты ерекше іс-шара өтті. Іс-шараға алдағы уақытта Еліміз бен қаламыздың түрлі өндірістік салаларында қызмет ететін колледж студенттері – болашақ маман иелері, кәсіпкерлер мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Мемлекет жастардың сапалы білім алып, осы заманғы техника құралдарын шебер меңгеруіне, талантты жастарды өсіп-жетілуіне барынша жағдай жасап отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық » WorldSkills Kazakhstan -2021″ жеңімпаздарын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Жұмабекұлы марапаттап, әрбір жас өренді Отанға адал қызмет етуге, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауында жеңімпаз деп танылған 7 студентке және студент жастардың шешендік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, академиялық білім деңгейін көтеру мақсатында колледж студенттері арасында өткен қалалық дебаттық пікірсайыс клубтарының жеңімпаздарына Алғыс хат және қаржылай сертификаттар табысталды.
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы жастарға арналған өз сөзінде «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мықты, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.
Жастарымыздың болашағы жарқын халқымыздың еңсесі биік болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған