Elementor #2006

Тәуелсіздік күні қарсаңында республика колледждерінің Үздік 100 студенті марапатталды!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде «ҚР колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау маңызды оқиға болды.
«TVET AWARDS» ТжКБ үздік студенттерін марапаттау салтанатына меценаттар, қоғам қайраткерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қоғамдық бірлестіктердің, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының өкілдері, колледж педагогтері белсенді қатысты.
Елордалық сервис және туризм колледжінің базасында колледждердің үздік студенттері мен олардың тәлімгер-педагогтері үшін «Болашаққа көзқарас» диалог алаңы ұйымдастырылды.
Байқау жеңімпаздарына ҚР БжҒМ ТжКББ департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова студенттерді шын жүректен құттықтап, әрқашан алға қойған мақсаттарына жетуге тілек білдірді.
«Talap» КЕАҚ Президенті Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы республикалық байқаудың қорытындысын туралы ақпарат беріп, үздік студенттерді құттықтады
Байқау жеңімпаздарымен кездесуге «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының жетекшісі, BTS Education бас директоры Саясат Нұрбек қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, студенттерді әрдайым және барлық жерде үздік болуға шақырды.
«Синергия» университетінің бас директоры, қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы студенттермен қызықты әңгіме өткізіп, табысты адамның қалыптасу тәжірибесімен бөлісіп, балаларға өзіне сенуді, жігерлі және позитивті болуды тіледі.
Студенттермен және педагогтермен диалог алаңында тренингтік сессиялар өткізілді, онда топтағы коуч-тренерлер soft skills дағдыларын дамыту бойынша әрбір студентпен жұмыс істеді.
Тренингтік сессиялардың спикерлері:
– Бекташов Эльнур Махмуджанович – «Talap» КЕАҚ бас менеджері, сертификатталған коуч;
– Голярко Владислав Михайлович – «Generation» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «EcoMeken» шоуының жеңімпазы, «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері;
– Мукитанов Данияр Ерланович – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның оқытуды ұйымдастыру жөніндегі Вице-президенті;
– Кутпанова Зарина Алмабековна – Назарбаев Университетінің FabLab аға менеджері;
– Нүркен Ержанов – Назарбаев Университетінің қызметті дамыту жөніндегі директоры.
ҚР БжҒМ ТжКБ педагог қызметкерлердің қызметін үйлестіру және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Бақытжан Үмітбекқызы Биекова студенттердің педагог-тәлімгерлерімен жеке дискуссия өткізді, сондай-ақ олар Шығыс Қазақстан облысының Көлік колледжі» КМҚК педагог-психологы Жуасбек Жанар Сардарбекқызының психологиялық тренингтеріне қатысуға мүмкіндік алды.
Диалог алаңынан кейін жеңімпаз студенттер мен педагогтер үшін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, онда қонақтар Елбасының өмірбаяны мен қызметімен танысуға мүмкіндік алды.
TVET AWARDS қорытынды кезеңі Оқушылар сарайында ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен марапаттау рәсімі болды. Бұл жерде студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, үздік студенттерге медальдар, дипломдар, естелік сыйлықтар табыс етті:
Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Бірінші вице-министрі;
Дүйсенханов Ермек Серікбайұлы – «Мектеп, Колледж, ЖОО» білім беру жүйесінде кәсіпкерлікке оқыту жобасының негізін қалаушы, «Мектеп, Колледж, ЖОО» кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне оқыту жөніндегі оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтың авторы, меценат,»Менің Атамекенім» қорының құрылтайшыларының бірі;
Мұқашева Айгүл Мақсатқызы – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы;
Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы – «Синергия» университетінің бас директоры, қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат;
Алтынбеков Бекзат Комарұлы – ҚР Білім беру ісінің меценаты, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;
Саясат Нұрбек – BTS Education бас директоры, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының жетекшісі;
Түркістанова Ләззат Мақсұтқызы – «Білімді ел-Образованная Страна» газетінің бас редакторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Ерекше атап өтетін мәселе – осы оқу жылында колледжді бітіретін 100 жеңімпаздың 51-і жұмыс орындарына жолдама алғандары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған