Elementor #1883

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» Республикалық конкурс жобасының жеңімпазы атанған Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Амзебек Айқаным Жапалқызы Нұр-Сұлтан қаласында марапаттанып, бүгін 2021 жылдың 20 желтоқсан күні колледж директоры, э.ғ.докторы, профессор Исахметов Тлепалды Исахметұлының қабылдауында болды.
«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады. Осы сөздің үдесінен шыққан Амзебек Айқанымды құттықтап, болашақта үлкен өмір жолында білім берген оқытушылардың және ата-анаңның еңбегін ақтап, колледжде алған біліміңді тек ел игілігіне жарат!» деп айтты колледж директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған