Elementor #1870

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойтойына орай 2021 жылдың 15 желтоқсанында «Индустриалды техникалық колледжді» МКҚК мәжілістер залында Гуманитарлық ПЦК мүшелері және көркемдік жетекшінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» тақырыбында концерттік іс-шара өтті. Іс-шарада белсенді студенттерді және мұғалімдерді алғыс хатпен марапаттап, концерттік бағдарлама өтті. «Желтоқсан» өлеңі оқылып, «Болмыс» бейнефильмінен үзінділер қойылды. Желтоқсанның құрбандары 1 минут үнсіздікпен еске алынды. «Балбырауын» күйі орындалып, «Қайратты тергеу сәті» театрландырылған көрініс қойылды. «Желтоқсан желі» әнін хор орындап, Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» өлеңін студенттер жатқа оқыды. соңында Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген студенттер флешсоб биі орындалды.
Іс-шара мақсаты: ел тарихындағы мерейлі оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту және өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, туған жерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, дамыту; жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу; 1986 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында болған Кеңес Одағының әкімшіл-әміршіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, тарихи танымдарын тереңдету; жастардың бойында ұлттық сезімдері мен рухтарын дамыту, отаншылдық, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған