Elementor #1815

«ҚР Колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» Республикалық конкурс жобасы
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Талап» КЕАҚ ұйымдастырылуымен ҚР Колледждерінің «TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS» жобасының аймақтық кезеңінде «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК студенті Амзебек Айқаным Жапалқызы ТОП 100 үздік студенті жеңімпазы атанды. Нұрсұлтан бас қаласында арнайы марапаттау кеші өтті. «Талап» КЕАҚ президенті Бектурганов Абдиманап Еликбаевич сөз сөйлеп жеңімпаз студентіміз Амзебек Айқаным Жапалқызын Дипломмен марапаттады. «TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS» жобасы жеңімпазын дайындағаны үшін оқытушы Ж.Алмахова, педагог-психолог С.Сейдиева «Талап» КЕАҚ президенті Бектурганов Абдиманап Еликбаевич атынан алғыс хатпен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған