Elementor #1759

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Индустриалды-техникалық колледжде 29 қарашада жоспарға сәйкес тарих пәнінің мұғалімдері Қалдыбекова Л. Мухтарбекқызы Ә., Молдабаев Е., Еркінбекова М. «Бөкейханов Әлихан(1866-1937)Қоғам қайраткері, мұғалім, журналист, этнограф. «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, туғанына 155 жыл тақырыбында» кітапханада танымдық іс-шара өткізді. «Алаштың аманаты» атты презентация және деректі кинофильм көрсетілді. Кітапхана меңгерушісі Л.Федяева «Әлихан Бөкейханов 155 жыл» атты кітап көрмесінін ұйымдастырды. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. «Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне замандасы Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1920 жылы жазған «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
Бұл іс-шараға колледжіміздің СВ21-30к тобы студенттері белсене қатысты. Сабақ барысында студенттерге «Алаштың аманаты» атты деректі фильм, презентациялар көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған