Elementor #1432

2021 жылдың 15-ші сәуірінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК 1 курс АЭ20-33р тобының топ жетекшісі П. Мамбеткулова «Еңбек және экология ел амандығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету және еңбек адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу. Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында топ шебері Е.Юлдашев Еңбектің адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беріп, еңбек адамзаттың табиғи жетістіктерінің бірі екендігін айтып өтті.
Бөлім меңгерушісі: Қ. Қожатаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған