Elementor #1993

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі»
МКҚК-ның «Дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәндік циклдік комиссиясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021жылғы 24 желтоқсанда студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тоғыз құмалақ үйірмесіне қатысуда. Үйірме жетекшісі Кадыров Серик Уркенович студенттерге тоғыз құмалақ ойынын ойнау әдісін үйретіп, шеберліктерін шыңдауда.

Elementor #1979

Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Білім басқармасының қолдауымен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай «Тәуелсіздік таңы- мәңгілік» атты 2021жылы 23-24 желтоқсан аралығында қалалық пікір сайысы өтті.
Индустриалды техникалық колледжінің «Айбат» дебаттық командасы мен бірге басқа колледжі командалары «Әділет», «Жас қыран» және «Ақиқат» командалаырмен дебаттық сайысқа түсті. Төрешілер қорытынды жасап, 3 сайыста «Айбат» командасы студенттеріміз жеңіске жетті. 24 желтоқсан күнге сайысқа жолдама алды. Лидерлерімізге сәттілік тілейміз алдағы уақытта!
жүлдегерлерді марапаттады.

Elementor #1965

2021 жылдың 13 желтоқсанында әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылардың білім сапасын және үлгерімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Информатика пәні бойынша I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ АЭ21-31к тобының студентті Алиев Имран Курбаналиевич жетекшісі: Ләбиханов Н.Б., ЭВ21-30к тобының студентті Құдратуллаева Тұрсынай Бахтиярқызы жетекшісі: Бейсембаева Г.И., II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЭВ21-30к тобының студентті Садықов Бағжан жетекшіс: Сапарбаева Л., III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ АЭ21-34к тобының студентті Баратбаев Бекнұр Ернұрұлы жетекшісі: Спабек Б.О. марапатталды.

Elementor #1951

Шымкент қаласы білім басқармасының “Индустриалды-техникалық колледжі “ МКҚК – ның “ Дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық “ пәндік циклдік комиссиясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 22 желтоқсанда студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында үстел теннисі үйірмесіне қатысуда. Үйірме жетекшісі Исхақов Орынбасар Нұрланұлы студенттерге үстел теннисі ойынын ойнау әдіс-тәсілдерін үйрету барысында.

Elementor #1937

Бүгін 22.12.2021 АС 21-31 р тобында химия пәнінен «химиялық реакция жылдамдығы»тақырыбында ашық сабақ өтті химия пәнінің мұғалімі: Исхакова Н. Н
Сабақтың мақсаты: реакция жылдамдығының реакция заттарының табиғатына ,олардың жанасу аймағына, концентрациясына, температурасына, катализаторға тәуелділігін анықтау, анықтау; химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі жағдайлардың әсерін түсіндіруге, химиялық тепе-теңдіктің өзгеру бағытын болжауға үйрету.Сабақты студенттер дайындаған қызықты фактілерден бастады және осы ақпаратты балалармен бөлісті:
– Дауыл сағатына 125 миль жылдамдықпен жүре алады.
— Әлемдегі ең баяу сүтқоректілер-жалқау. Ол минутына шамамен екі метр жылдамдықпен қозғалады.
– Антарктидада, Виктория алқабында жер бетіндегі ең күшті жел соғып тұр. Ондағы желдің жылдамдығы секундына 215 метрге жетеді.

Elementor #1924

20.12.2021 бастап 2 курс студенттері үшін І жартыжылдықтың қорытындысын шығару бойынша қысқы сессия басталды.АЭ 20-33р тобында балалар химия сияқты ең қызықты пәннен бастады.Бүгінгі күні контактілерді тазарту және қорғау үшін жаңа құралдардың саны көп.Мысал ретінде біз KONTAKT 61 сияқты құралды береміз.
Мақсаты: KONTAKT 61 жаңа тотықтырмайтын электр түйіспелерін және препараттардың тазарту әсеріне ұшыраған қозғалмалы электромеханикалық бөліктерін немесе түйіспелерін өңдеуге және қорғауға арналған арнайы әзірленген тазартқыш, майлаушы және коррозияға қарсы құрал.біздің студенттер үшін ең бастысы-бұл ақпарат ағынында шатасып кетпеу және біздің уақытымызда қалу. Химия пәнінің оқытушысы: Исхакова Н. Н

Elementor #1910

Оталдырушы форсунка-төмен температурада іштен жанатын қозғағышты жылдам, тез арада қосу үшін, коллекторға тез тұтанатын сұйықтықты шашырататын форсунка. Форсункалар туралы жалпы мәліметтер. Форсункалар тозаң-датқышының құрылысы бойынша бір тесікті және көп тесікті бо-лып бөлінеді. СМД-14К, СМД-15К, СМД-18К және СМД-17К дви-гательдерінде бір тесікті ФШ-6205 жабық штифті форсункалар қолданылған. СМД-64 двигателінде бірақ төрт тесікті тозаңдат-қышы бар ФД-22 форсункасы орнатылған. ФШ-6205 форсункасының құрылысы. Насостан шыққан отын цилиндрдің қақпағында орналасқан форсункаға белгілі бір мөл-шермен келеді. Форсунканың тозаңдатқышы құйынды камераға 10 кірер жерде орналасқагі. Бір-біріне дәл жымдасқан және мұқият үйкеліскен тозаңдатқыш пен ине 16 фррсунканың ең негізгі жауапты детальдары болып табылады. Оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Бүл детальдар форсунканың корпусына 6 бұралып кіргізілген гайканың 14 ішінде жинастырылған. Гайка тозаңдатқышты корпусқа нығыздап қысады. Тозаңдатқыш тесігінің төмен жағы цилиндрлік белдеумен бітеді. Форсунка төмендегіше әрекет жасайды. Насостан шыққан отын жоғары қысымды түтік, каналдар 5, 4, ойық 13 және канал 15 арқылы камераға 2 қүйылады. Насос плунжерінің айдамалау жүрісі кезінде камерадағы 2 отынның қысымы артады (125 кгк/см2-қа, яғни 12,5 МПа-ға). Қысым конустарға 17, 18 әсер етіп серіппенің кедергісін жеңіп, инені 16 0,35—0,40 мм көтереді. Сол кезде тозаңдатқыштың шығару тесігі мен иненің штивті аралығында жіңішке сақиналы саңылау пайда болады. Отын осы саңылау арқылы үлкен жылдамдықпен шапшып шығып, конус тәрізді ағын түрінде құйынды камераға құйылады. Бұл қүйылу насостың форсункаға отынды беруі тоқтағанша созылады. Насостан отынның берілуі кенет тоқталады (бұған айдамалау клапанының бәсеңдету белдеуі жәрдемдеседі). Отынның берілуі тыйылған кезде камерадағы 2 қысым кенет төмендейді де серіппенің әсерінен ине бастапқы қалпына тез қайтып келеді. Тозаңдатқыштың шығару тесігін кенет бітеу одан тозаңданбаған отын тамшыларының ағып кетуіне жол бермейді. Ине мен тозаңдатқыштың аралығынан, сондай-ақ тозаңдатқыш пен корпус аралығынан отынның сүзіліп ағуы мүмкін. Бұл жағдайда ол тесік 12 арқылы арнайы тесікке ағызылады. Қоректендіру жүйесінде насосты форсункалармен байланысты-ратын жоғары қысымды түтіктер бар. Қалған түтіктер — төменгі кысымды. Әдетте жоғары қысымды түтіктің сыртқы диаметрі 7 мм-ге, ал ішкісі — 2 мм-ге тең. Төменгі қысымды түтіктерде бұл өлшемдер сәйкес түрде 10 мм-ге және 8 мм-ге тең. Жоғарғы қы-сымды түтіктің ұшы конусқа кигізілген. Насостың және форсунка-ның штуцерлеріне түтіктердің конустары соғылатын конустық ұялар бар. Оларды қосымша гайкамен қысып тартқанда қажетті тығыз байланыс пайда болады. Осы ұялар мен түтіктердің конустық ұштарының беттерінде зақымдар болмауы керек; бұлай болмаған жағдайда байланыстардың тығыздығы бұзылады. Бұл беттерді зақымдалудан қорғау үшін, мына ережелерді сақтау керек: егер отын жүретін түтік алынатын болса, онда қосымша гайкаға қорғауыш тығын кигізеді, ал насостық штуцерлердің және форсун-калардың тесіктері қалпақшалармен жабылады. Бұлай істеу на-состы да, форсункалар мен отын жүретін түтіктерді де ластанып бітеліп қалудан сақтайды. Егер двигательден форсункалар алына-тын болса, онда бүркігіштің сорайып шығып тұратын ұшына қалпақ кигізіледі

Elementor #1896

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК-ның «Дене тәрбиесі және әскери технологиялық дайындық» пәндер циклдік комиссиясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 21 желтоқсанда студенттер шағын футбол үйірмесіне қатысуда. Үйірме жетекшісі Батырбек Айбол Ерланұлы студенттерге футбол ойынын ойнау әдісін үйретіп, шеберліктерін шыңдауда.

Elementor #1883

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» Республикалық конкурс жобасының жеңімпазы атанған Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Амзебек Айқаным Жапалқызы Нұр-Сұлтан қаласында марапаттанып, бүгін 2021 жылдың 20 желтоқсан күні колледж директоры, э.ғ.докторы, профессор Исахметов Тлепалды Исахметұлының қабылдауында болды.
«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады. Осы сөздің үдесінен шыққан Амзебек Айқанымды құттықтап, болашақта үлкен өмір жолында білім берген оқытушылардың және ата-анаңның еңбегін ақтап, колледжде алған біліміңді тек ел игілігіне жарат!» деп айтты колледж директоры.

Elementor #1870

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойтойына орай 2021 жылдың 15 желтоқсанында «Индустриалды техникалық колледжді» МКҚК мәжілістер залында Гуманитарлық ПЦК мүшелері және көркемдік жетекшінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» тақырыбында концерттік іс-шара өтті. Іс-шарада белсенді студенттерді және мұғалімдерді алғыс хатпен марапаттап, концерттік бағдарлама өтті. «Желтоқсан» өлеңі оқылып, «Болмыс» бейнефильмінен үзінділер қойылды. Желтоқсанның құрбандары 1 минут үнсіздікпен еске алынды. «Балбырауын» күйі орындалып, «Қайратты тергеу сәті» театрландырылған көрініс қойылды. «Желтоқсан желі» әнін хор орындап, Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» өлеңін студенттер жатқа оқыды. соңында Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген студенттер флешсоб биі орындалды.
Іс-шара мақсаты: ел тарихындағы мерейлі оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту және өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, туған жерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, дамыту; жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу; 1986 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында болған Кеңес Одағының әкімшіл-әміршіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, тарихи танымдарын тереңдету; жастардың бойында ұлттық сезімдері мен рухтарын дамыту, отаншылдық, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.