Elementor #1859

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Атаулы мерекемен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймыз!

Elementor #1844

Шымкент қаласы білім басқармасының “Индустриалды -техникалық колледжі” МКҚК-ның “Дене тәрбиесі және алғашқы технологиялық дайындық” пәндік циклдік комиссиясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 15 желтоқсан студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында баскетбол үйірмесіне қатысуда. Үйірме жетекшісі Жақыпбек Нұрғиса Запарұлы студенттерге баскетбол ойынын ойнау әдісін уйретіп,алда келе жатқан жарыстарға дайындық жүргізіп, шеберліктерін шыңдауда.

Elementor #1831

Индустриалды техникалық колледжінің педагог-психолог А.Жампозова, о/ө шеберлер С.Кабуловпен Төлеби ауданы Ленгер қаласына «Тәуекел тобындағы» студенттің үйіне барып, ата-анасымен сұхбат жүргізді. Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды.

Elementor #1815

«ҚР Колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» Республикалық конкурс жобасы
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Талап» КЕАҚ ұйымдастырылуымен ҚР Колледждерінің «TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS» жобасының аймақтық кезеңінде «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК студенті Амзебек Айқаным Жапалқызы ТОП 100 үздік студенті жеңімпазы атанды. Нұрсұлтан бас қаласында арнайы марапаттау кеші өтті. «Талап» КЕАҚ президенті Бектурганов Абдиманап Еликбаевич сөз сөйлеп жеңімпаз студентіміз Амзебек Айқаным Жапалқызын Дипломмен марапаттады. «TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS» жобасы жеңімпазын дайындағаны үшін оқытушы Ж.Алмахова, педагог-психолог С.Сейдиева «Талап» КЕАҚ президенті Бектурганов Абдиманап Еликбаевич атынан алғыс хатпен марапатталды.

Elementor #1804

Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 14 пен 29 жасқа дейінгі жастар арасында 30 номинация бойынша қаламыздың қоғамдық өміріне араласып, зор үлес қосқан жастарды анықтау, оларға қолдау білдіру мақсатында өткізілген қалалық «Үздік жастар-2021» премиясы байқауының «Үздік ОАОО жас мұғалімі» номинациясын колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Құдайбергенов Әкімхан Камалбекұлы иеленді. Құттықтаймыз!!!

Elementor #1787

08.12.2021 жылы Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжінде» Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Ш.қ. Жауынгерлік өнер Ассоциациясының директоры Қуандық Сұлтанғали Нұрлытайұлы және ЖОО «Gramad» маректінің директоры Наимбекова Айжан Избасхановна сонымен қатар ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айнабек Ерболат қатысты.Студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы, жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге , саяси сауаттылыққа, студенттерді патриоттық тәрбиеге баулу.

Elementor #1773

7.12.2021 жылы Шымкент қаласындағы ИТК-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің мамандығым» суреттер байқауы өтті. Конкурс ұйымдастырушылары: «электромеханикалық жабдықтар және автоматика» ПЦК оқытушылары Зайцева С. В., Алмахова ж. Н., Саурова А. С. КИПиА жөндеушісі барлық аспаптар мен датчиктердің жұмысқа қабілеттілігін бақылаумен айналысады (олар манометрлер, су есептегіштері, термореттегіштер, жиілік түрлендіргіштері және басқа автоматты жүйелер болуы мүмкін). Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері-электр жабдықтарын пайдаланумен немесе жөндеумен айналысатын электр техникасы және энергетика саласындағы жұмысшы мамандығы. Бұл мамандық аса қауіпті санатқа жатады, өйткені электромонтерлардың қызметі тұрақты тәуекелмен байланысты, мұқияттылық пен білімді талап етеді, электр тоғымен зақымданудан қорғау тәсілдерін, сондай-ақ электр жарақаттарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білу қажет.
Байқау «Электромонтер», «БӨАжА слесарі» мамандықтары туралы білім алу және студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Байқаудың қазылар алқасы-Әсілбекова у.а., Федяева Л. П. командалардың өнерін бағалап, орындарды анықтады: 1 орын – гр. КП 21-30к, КП 20 – 30р, 2 орын-ЭМ21-30к, КП21-31к, КП21 – 32р, 3 орын-КП 21-30к. барлық командалар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Elementor #1759

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Индустриалды-техникалық колледжде 29 қарашада жоспарға сәйкес тарих пәнінің мұғалімдері Қалдыбекова Л. Мухтарбекқызы Ә., Молдабаев Е., Еркінбекова М. «Бөкейханов Әлихан(1866-1937)Қоғам қайраткері, мұғалім, журналист, этнограф. «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, туғанына 155 жыл тақырыбында» кітапханада танымдық іс-шара өткізді. «Алаштың аманаты» атты презентация және деректі кинофильм көрсетілді. Кітапхана меңгерушісі Л.Федяева «Әлихан Бөкейханов 155 жыл» атты кітап көрмесінін ұйымдастырды. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. «Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне замандасы Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1920 жылы жазған «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
Бұл іс-шараға колледжіміздің СВ21-30к тобы студенттері белсене қатысты. Сабақ барысында студенттерге «Алаштың аманаты» атты деректі фильм, презентациялар көрсетілді.

Elementor #1723

«Саналы ұрпақ»
Шымкент қаласы әкімдігінің «Үздік жастар премиясы» бойынша «Үздік жазушысы» (2019 жыл), «Үздік жас ғалымы» (2020 ж), 2021 жылы өткен «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының жеңімпазы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасы», «Абай. Китаб тасдиқ» кітаптарының авторы, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Әзімхан Исабекпен кезекті адалдық сағаты.
 

Elementor #1702

2021 жылдың 4 қараша күні «Индустриалды техникалық колледжі»МКҚК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ибраимкуловтың ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу» тақырыбында Шымкент КПД Абай АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жүсіпбек Бағдат Жәнібекұлы, аға инспекторы полиция майоры Қарабаева Айнур Абайқызы мен аға инспекторы полиция майоры Хамитов Рахымжан Жалелович, инспектор полиция майоры Иргебаев Жандос және Тұрдалы Бағдатпен кездесу өтті. Қатысқандар 1 курс студенттері.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.