«Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында әлеуметтік ролигі үздік 3 орынға ілікті

ҚР сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2020 жылғы 22 қарашадағы #1-5/5612 хатына сәйкес «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттердың санасын өзгерту, жемқорлыққа жол бермеу және адамгершілікке тәрбиелеу бағытында Индустриалды-техникалық колледждің көркемдік және саз жетекші Е.Шабданбековтың «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында әлеуметтік ролигі үздік 3 орынға ілікті, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолынан марапатқа ие болды.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Біз жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасары екенімізді дәлелдеуіміз керек. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші біз жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне және жемқорлықтың жойылуына үлес қосуымыз керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған