«ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ — ЖАСТАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ, ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» атты тәрбие апталығы

2020 жылдың 7 желтоқсаныда Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК «Жастар тәрбиесі — жастардың тағдыры, ұлттың тағдыры» атты тәрбие апталығының ашылу салтанаты өтті. Тәрбие бөлімінің мамандарының қатысуымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, коучинг-семинар өткізілді. Студент жастарға тәрбие берудің этнопедагогикалық, рухани-адамгершілік бағыттары жайында, колледждің оқу-тәрбие процесіне жаңа идеяларды, инновациялық бағыттарды енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды. Апталықтың барысы жоспарланып, жастар ісі жөніндегі инспектор Б.Төлебектің, Г.Турсынбекова, Л.Федяева және педагог-психолог А.Жампозованың баяндамалары тыңдалып, әлеуметтік педагог У.Асильбекова «Жастарға әлеуметтік және өзін-өзі тану, жетілдіру бағытындағы тәрбиелеу процесінде Абай мұраларын насихаттаудың заманауи әдістері» атты авторлық жобасымен таныстырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған