Тұғыры биік Тәуелсіздік

Индустриалды техникалық колледж Көркемдік және Саз жетекші Е.Шабданбеков,
Гуманитарлық Пәндер циклдік комиссиясының жетекшісі Қалдыбекова Ляззат Ергеновнаның ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс шара аталып өтілді. Іс шараға беделі биік Ұстаздарымыз ат салысты. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған