«ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ»

«ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ»
2021 жылдың 19 қаңтарында Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК ұжымы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 5.01.2021ж. жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын көпшілік талқылау, насихаттау мақсатында zoom бағдарламасы арқылы қашықтықтан онлайн жиын өткізді. Инженер-педагогтар арасында өткен жиналысты Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ибраимкулов жүргізді. Колледж әдіскері К.Ерназарованың, Гуманитарлық пәндер ЦК жетекшісі Л.Қалдыбекова және тарих пәнінің оқытушысы Е.Молдабаевтың баяндамалары тыңдалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған