«Шымкент-адалдық алаңы» жобасының кеңсе басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлымен арнайы кездесу

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК студенттеріне 2021 жылдың 5 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне қарасты «Шымкент-адалдық алаңы» жобасының кеңсе басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. І курс студенттеріне «Саналы ұрпақ» жобасы туралы ақпарт берілді, жобаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған