Колледж тарихы

Индустриалды-техникалық колледжінің тарихы Шымкент қаласының тарихи мәдениетімен, білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Колледж өз дамуын оңтүстік өңіріміздегі өнеркәсіп орындарының дамуымен тығыз байланыстырады. Өз жұмысын бастаған кезеңінен бастап бұл оқу орны, қазіргі таңға дейін өңір өндірісінің түрлі салаларында жұмыс жасайтын қырық бес мыңнан астам жұмысшы мамандарды даярлап шығарған.

Индустриалды-техникалық колледжі 1942 жылы құрылып, ұзақ жылдар бойы алдыңғы қатарлы үздік оқу орындарының бірі болып табылады. Өңірімізде аталған техникалық колледждің болуы – жергілікті халықтың барлық санаттары үшін автомобиль көлігі, компьютерлік технологиялар, токарь және дәнекерлеу ісі, электромеханикалық құралдар және автоматика салаларында білім алуға мүмкіндік береді, және бұл кәсіп иелері қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар болып табылады.

Халықтың әл-ауқатының арттыру білімге деген сұранысты арттыратындығы сөзсіз. Жұмыс берушілердің орта буын жұмысшы мамандарына деген қажеттілігінің артуы – техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының сапалы қызметтеріне сұранысты да арттырады. Осылайша, орта білім беру жүйесі колледждің белсенді дамуына ықпалын тигізетіндігі сөзсіз екендігі баршаға мәлім.

«Индустриалды – техникалық колледжі» қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан әлеуметтік серіктестермен белсенді ынтымақтық жұмыстарын жүргізеді және өзара іс-қимыл әрекеттері күннен-күнге жақсару үстінде: Атап айтар болсақ, колледжіміздің әлеуметтік серіктестіктері «Альянс – сталь Пром» ЖШС, «КЕММ-2030» ЖШС, «Казмедприбор» ЖШС және т. б. студенттердің оқу-өндірістік тәжірибеден өтуі, сондай-ақ «Ансар-Металл» ЖШС, «Электроаппарат» ЖШС, «Химторгстрой» ЖШС, «АйСервис Транс» ЖШС және т. б. Сонымен қатар кәсіпорындарда бітіруші түлектерімізді жұмысқа орналастыру туралы келісім-шарттар жасалып, қазіргі таңда іске асырылуда.

Индустриалды-техникалық колледжінің ұжымын өз кәсібінің іскер маманы, жоғарғы шығармашылық әлеуеті бар, білім беру жүйесін жүзеге асыратын, және оқу, тәрбие, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтерді барша атқаратын, жаңаша білім алуға ұмтылатын жоғары білікті мамандар деп атауға болады. Болашақ мамандарды даярлауда колледжімізде 130 инженер-педагог қызмет етеді.

Болашақ мамандарды даярлауда сапа көрсеткіштерінің бірі – кез келген білім беру мекемесінің мақтанышы – ол материалдық-техникалық базасы.

Барлық дәрісханалар, зертханалар мен шеберханалар заманауи оқу құралдарымен, зертханалық стендтермен, сонымен қатар оқытушылардың зияткерлік еңбек өнімдерімен жабдықталған. Колледж түрлі өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға және «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатына белсенді қатысады.

Колледждің оқытушылары Ниязов М. А., Алимбекова М. С., Сыздыкова К. Н., Досова А. С. «Үздік колледж оқытушысы-2018″, » Үздік химия оқытушысы-2018″, «Математика пәнінің үздік оқытушысы – 2018», «Үздік сабақ-2018» байқауларында жоғарғы орындардан көрініп жүр.

Индустриалды-техникалық колледжі жыл сайын өткізілетін WorldSkills Kazakhstan чемпионатына «Дәнекерлеу технологиясы», «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардағы токарлық іс», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Өнеркәсіптіктегі автоматика», «Шанақты жөндеу» құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Жыл сайын арнайы пән оқытушылары мен колледждің әкімшілік құрамы «Кәсіпқор» Холдингі ҚЕАҚ даярлаған бағдарламасы негізінде оқу процесіне жаңа білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістемелік жұмыстарын тиімді ендіру бойынша білім жетілдіру курстарынан өтеді. Біліктілікті арттыру курсынан алған тәжірибелерін колледж оқытушыларына арнайы семинар-тренингтер өткізу ұдайы ұйымдастырылып отырады. Аталған процесс оқу орнының маман кадрларының сапалық құрамы мен бәсекеге қабілеттіліктерін сөзсіз арттырады.

Студенттерге алғашқы күннен бастап салауатты өмір салтын ұстану негізінде жұмыстар жүргізіледі. Индустриалды-техникалық колледжінде оқумен қатар түрлі спортпен шұғылданып, жүлделі жетістіктерге жеткен студенттер де білім алады. Колледж басшылығы студенттердің спорттық мүдделері мен олардың жеңістеріне барынша қолдау көрсетеді. Спорт саласында жүлделі орындарға ие болып жатқан студенттер қалалық және халықаралық жарыстарда да үздіктер қатарынан көрінуде.

Оқу орнымыздың салиқалы өтілі – тек жылдармен ғана емес, сонымен қатар шығармашыл, бастамашыл, өз ісіне берілген бірнеше буын мамандардың арқасында қажетті кадрларды даярлауда жасалған ауқымды, маңызды іс-шаралармен де есептеледі, және бүгінгі таңда да бұл үрдіс жалғасын табуда.