Кітапхана

Колледжде 30 орындық оқу залы бар, қоры 32356 дана кітаппен қамтамасыз етілген  кітапхана жұмыс істейді. Кітапханадағы оқулықтар -23759, оның ішінде: жалпы білім беретін оқулықтар – 9979, арнайы пән оқулықтары – 13780,  ғылыми әдебиет – 3290, көркем әдебиет қоры – 4416, оқу-әдістемелік құралдар – 813, электрондық оқулықтар – 78 дана.  Кітапханаға 2018-2019  оқу жылында келген жалпы  оқырмандардың саны – 1464, оның ішіндегі студенттер саны – 1384, оқытушылар – 80, келушілер саны  – 17820 адамды, кітап беру саны – 23760  дананы құрады.

Кітапхана жұмысының басты мақсаты – студенттерге кітаппен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін, материалды іздеу және талдау әдістерін, оқу іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз ету машықтары мен оқу-жаттығуларын үйрету.

Колледж кітапханасы өз оқырмандарына кітапханалық қызмет көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар білім беру мекемесінің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуі тиіс:

  • студенттерге мәдениет институтын сақтаудың жалғыз сенімді құралы болып табылатын кітап оқуды қайтару, насихаттау;
  • білім беру үдерісін толығымен ақпараттық қолдауды ұйымдастыру;
  • білім берудің инновациялық мақсаттарын жүзеге асыруда кітапханалық технологиялар мен қосымша білім беру тәжірибесін пайдалану.

Кітапхананың негізгі функциялары – «Жалпы білім беретін мекеме кітапханасы туралы Ережеге» сәйкес білім беру, ақпараттандыру және мәдени бағыт.

Сонымен қатар,  студент жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, саналы азамат болып қалыптасуы үшін көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: Хакім Абайдың 175 жылдығына орай  «Абайды оқы, таңырқа» атты Абай оқулары және білім алушылардың патриоттық сезімдерін ояту, болашақ мамандықтарының білгір маманы болуға баулу мақсатында  «Лидер Reader ON» байқауы өткізіліп тұрады. 

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА