14.12.2020ж күні «Индустриалды техникалық колледжі» МКҚК педагог-психологтары Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Благодарим за независимый Казахстан» тақырыбында желтоқсаншылармен кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 1-2 курс студенттері қатысты.
11.12.2020ж күні «Индустриалды техникалық колледжі» МКҚК психологтары С.Сейдиева, А.Жампозова Жастар ресурстық орталығы Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі инспекторы А.Төлепбергенмен бірге ұйымдастыруымен Шымкент қаласы полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қарсы-іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Кәрібеков Бауыржанмен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында «Zoom» бағдарламасында кездесу өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК-ның оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес Жаратылыстану-математикалық пәндер ПЦК-ның Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған пәндік апталығы басталды.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК Гуманитарлық пәндер ПЦК-ның оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жасампаздықты жаңа белеске көтерген — Тәуелсіздік» атты пәндік апталығы басталды.
2020 жылдың 7 желтоқсаныда Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК «Жастар тәрбиесі — жастардың тағдыры, ұлттың тағдыры» атты тәрбие апталығының ашылу салтанаты өтті. Тәрбие бөлімінің мамандарының қатысуымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, коучинг-семинар өткізілді. Студент жастарға тәрбие берудің этнопедагогикалық, рухани-адамгершілік бағыттары жайында, колледждің оқу-тәрбие процесіне жаңа идеяларды, инновациялық бағыттарды енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды. Апталықтың барысы жоспарланып, жастар ісі жөніндегі инспектор Б.Төлебектің, Г.Турсынбекова, Л.Федяева және педагог-психолог А.Жампозованың баяндамалары тыңдалып, әлеуметтік педагог У.Асильбекова «Жастарға әлеуметтік және өзін-өзі тану, жетілдіру бағытындағы тәрбиелеу процесінде Абай мұраларын насихаттаудың заманауи әдістері» атты авторлық жобасымен таныстырды.
ҚР сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2020 жыл ғы 22 қарашадағы #1-5/5612 хатына сәйкес «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттердың санасын өзгерту, жемқорлыққа жол бермеу және адамгершілікке тәрбиелеу бағытында Индустриалды-техникалық колледждің көркемдік және саз жетекші Е.Шабданбековтың ұйымдаструымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында әлеуметтік роликті назарларыңызға ұсынамыз.