Elementor #997

Экологиялық тәрбие
Экологиялық тәрбие – табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Қазіргі кезде кейбір көшелерде қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Әсіресе ауылдық жерлерде кез келген жерге қоқыс тастап кету, санаулы шақырым жерге жүріп барып қоқыс жәшігіне тастауға ерінетін адамдар көптеп кездеседі. Бұл олқылықтар жоғарыда аталған экологиялық тәрбиенің нашар деңгейде дамуының кесірі.
Қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашамыз, суды, ауаны ластаймыз, көптеген тұрмыстық қоқыстар шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады, бұл – суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, ауаны ластайтын зиянды заттары жоқ нәрселерді қолдану, т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіледі.
Осы тақырыпта Сұлтан – Мұрат С.С топ жетекшілігіндегі КП 20-31к тобымен 31.03.2021ж тәрбие сағатын өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған