Elementor #945

2021 жылдың наурыздың 18 күні Индустриалды-техникалық колледжде «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңестің мақсаты: Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Индустриалды-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибраимкулов Қанат Қадырұлы семинар кеңесті бастап колледж тәрбие жұмыстары жөнінде есеп беріп өтті. Тақырыпты келесі баяндамашылар: Абай ауданы әкімі аппараты халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Жакиббеков Даулет Сабитович, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы ҚБ заңгері Еникеева Элина, Шымкент қаласы, №2 емхананың әлеуметтік педагогы Телікбаева Ақмарал Сейдалықызы, Шымкент ҚПД, Абай АПБ, полиция аға инспекторы Кертаева Раушан, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының «Арнайы пәндер» циклының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Оспанова Сауле Абдижалиловна кең көлемде ашып сонғы маңызды мәселелерді талқылады. Семинар-кеңес барысында «Әлімжеттік немесе буллинг дегеніміз не?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған