Elementor #793

Қалқаман Саринмен "Адалдық сағаты"

Бұл «Адалдық сағатында» қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сарин парасаттылық, адалдық құндылықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Қалқаман Сарин, 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің және ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. Қалқаман Сарин өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деді. Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады. Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған