Elementor #1466

«19 – 30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ, СУИЦИДТІҢ, АЛКОГОЛИЗМ МЕН НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ, ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІКТІҢ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС 19.04.2021ж күні «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК-да ІІ ауысымда оқитын студенттермен «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ибраимкулов студенттермен арнайы кездесу өткізді. Кездесуде– Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінен кәмелетке толмаған жастар арасында туындайтын құқықтық жауапкершілік туралы айтылып,талқыланды. Осы тақырыпта Шымкент қаласы Білім басқармасының арнайы түсірілген бейне роликтермен Қазақстан ұлттық арнасынан бейнефильмдер көрсетілді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған