Elementor #1392

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК мекемесінде «Жас сарбаз» клубында автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.
Автоматты жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек. Автоматты бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі. Автоматты бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Автоматты жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған