Elementor #1342

2021 жылдың 14 сәуірінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК 3 курс АЭ 18-31р тобының жетекшісі Мырзахметова Бейбитгүл «Отбасы тәрбиесі» атты тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата – ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбиелік шараны ашайық!
-Адамзат бесігін тербеткен ұя
-Үлгі – өнеге бастауы
-Жағымды қасиеттерге баулиды
Жүректен жүрекке.
Жүрекшеге тілек жазып балалар ата – аналарына, ұстаздарына береді.
Тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие – біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.
Бөлім меңгерушісі: Қозыбаев С.К

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған