Elementor #1333

2021 жылдың сәуірінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК 3 курс АЭ 18-31р тобының жетекшісі Мырзахметова Бейбит гүл «Ұлттық тәрбие » атты тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік. Мақсаты: Ұлттық тәрбие және ұлт болашағын студенттердің бойына сіңдіру. Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты ұрпақ тәрбиелеу. – Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туғызу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Колледж ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мұғалім үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді…
Бөлім меңгерушісі: Лачилова О

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған