Өмір сүру қиын емес, өмір сүре білмеу қиын

Студенттердің өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бойына дарыту. Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту мақсатында «Өмір сүру қиын емес, өмір сүре білмеу қиын» тақырыбында колледж психологтары Сейдиева Сания, Жампозова Айнұр жоспарға сай №14 емдеу орталығы психолог маманы Орынбаева Ақмарал , жастар орталығының психолог маманы Жансая Дүйсенбайқызымен бірге ұйымдастырып іс-шара өткізілді. Іс шараға І,ІІ курс студенттері қатысты.

Kitap fest

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК белсенді студенттері 2020 жылдың 3 желтоқсанында «Көрме орталығында» Шымкент «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Kitap fest» фестивальіне қатысып,«Балаларға базарлық» кітап көрмесіне түрлі әдеби кітаптарды сыйға тартты.​