Біздің миссиямыз

2019-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛЕДЖДІҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Колледждің миссиясы – жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуеті мен экономика деңгейін арттыруға қабілетті, жеке қасиеттері мен кәсіби деңгейі жоғары дамыған, орта буындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Колледждің стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау, материалды-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтау, облыс көлемінде жоғары жетістіктерге жету, инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, колледж және білім алушылар арасындағы байланысты нығайту, оқу-тәрбие жұмыстарында озық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдану.

Колледждің негізгі жетістіктері нәтижесін келесі міндеттер бойынша қамтамасыз ету:

  1. Колледж мен білім алушылар арасындағы байланысты нығайту, оқу-тәрбие жұмыстарында озық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдану.
  2. Заман талабына сай материалдық-техникалық базаның дамуын қамтамасыз ету.
  3. Білім беруді мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім алушыларға жоғары деңгейде сапалы инновациялық технологиялық әдістерді енгізе отырып, бәсекеге қабілетті сапалы маман дайындау;
  4. Әлеуметтік серіктестіктермен тығыз байланыс орнату, кәсіптік білім бағдарламасына сәйкес өндірістік базаны жұмыс берушілермен бірге қалыптастыру;
  5. Колледждің инженерлік-педагогикалық кадрларының біліктілігін үнемі арттырып отыруға, кәсіптік ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен эксперементтік әрекеттерін мақсатты түрде қолдауға, сапалы білім қызметін қалыптастыруға, оның жанданып дамуына жағдай жасау;
  6. Оқытушылар мен білім алушылар арасында ғылыми-әдістемелік, эксперименталдік зерттеулер, жаңа, тиімді озық технологияларды енгізу жұмыстарын қатыстыру;
  7. Тәуелсіз біліктілікті бағалау тестері нәтежиесінің көрсеткіштерін көтеру, бітірушілердің кәсіптік дайындық деңгейін жақсарту;
  8. Әдістемелік бірлестіктер жұмысын жоғары деңгейге жеткізетін басқару жүйесін қалыптастыру.

Жоғары басшылық міндеттейді:

  • Колледж басшылығы тарапынан орындалған жұмыстарға сараптама жасап, жақсы жетістіктерге жеткен қызметкерлерді ынталандырып отыру, жүйелі түрде түзету әрекеттерін уақтылы жасау, сапа менеджмент жүйесін жаңғырту;
  • Облыс және республика көлемінде сапалы жетістіктерге жету;
  • Білім алушылардың білім сапасын көтеру;
  • Колледж қызметкерлерінің ынтасын көтеру, жауапкершілігін арттыру, ішкі тәртіпті қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
  • Әлеументтік серіктестіктермен тығыз байланыста болу, тұтынушылардың талабын орындау;

Колледж әкімшілігі сапа менджмент жүйесі бойынша колледж саясаттың орындалуын, білім беру саласындағы мемлекеттік заңдардың, талаптардың және қағидалардың орындауын, қажетті мәліметтерді дер кезінде қызметкерлерге жеткізуін өз міндетіне алады.