«Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» тақырыбында колледж студенттері арасында қалалық деңгейдегі пікірсайыс

2021 жылдың 21 қаңтарында Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» тақырыбында колледж студенттері арасында қалалық деңгейдегі пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыс барысында бүгінгі Тәуелсіздіктің замандасы саналатын жаңа жас буын өкілдерінің ойы еркін, рухы асқақ екендігі және Тәуелсіздіктің қандай құнды екендігін, оны сақтап қалудың маңыздылығын, кемелді келешектің баянды болуы үшін патриот, саналы және білімді азамат ретінде Мәңгілік Еліміздің одан әрі көркеюі жолында аянбайтындықтарын дәлелдей білді. Жеңімпаздарға арнайы диплoмдар табысталып, іс-шара қорытындысымен жастар тарапынан түрлі ұсыныстар мен бастамалар жолға қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған