Барша қазақстандықтарды жаңа 2021 жылдарымен Индустриалды-техникалық колледж ұжымы құттықтайды! Жаңа 2021 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Тұғыры биік Тәуелсіздік

Индустриалды техникалық колледж Көркемдік және Саз жетекші Е.Шабданбеков,
Гуманитарлық Пәндер циклдік комиссиясының жетекшісі Қалдыбекова Ляззат Ергеновнаның ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс шара аталып өтілді. Іс шараға беделі биік Ұстаздарымыз ат салысты. Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

«Благодарим за независимый Казахстан» тақырыбында желтоқсаншылармен кездесу

14.12.2020ж күні «Индустриалды техникалық колледжі» МКҚК педагог-психологтары Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Благодарим за независимый Казахстан» тақырыбында желтоқсаншылармен кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 1-2 курс студенттері қатысты.

«Есірткісіз болашақ» тақырыбында «Zoom» бағдарламасында кездесу

11.12.2020ж күні «Индустриалды техникалық колледжі» МКҚК психологтары С.Сейдиева, А.Жампозова Жастар ресурстық орталығы Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі инспекторы А.Төлепбергенмен бірге ұйымдастыруымен Шымкент қаласы полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қарсы-іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Кәрібеков Бауыржанмен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында «Zoom» бағдарламасында кездесу өткізілді.

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында әлеуметтік ролигі үздік 3 орынға ілікті

ҚР сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2020 жылғы 22 қарашадағы #1-5/5612 хатына сәйкес «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттердың санасын өзгерту, жемқорлыққа жол бермеу және адамгершілікке тәрбиелеу бағытында Индустриалды-техникалық колледждің көркемдік және саз жетекші Е.Шабданбековтың «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында әлеуметтік ролигі үздік 3 орынға ілікті, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолынан марапатқа ие болды.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Біз жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасары екенімізді дәлелдеуіміз керек. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші біз жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне және жемқорлықтың жойылуына үлес қосуымыз керек.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК Гуманитарлық пәндер ПЦК-ның жетекшісі, тарих және өзін-өзі тану пәндерінің оқытушысы Қалдыбекова Лаззат Ергенқызы республикалық «Өзін-өзі тану пәнінің үздік педагогы — 2020» байқауының өңіраралық кезеңінде 1 орыннан көрініп, келесі кезеңге жолдама алды.

Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған пәндік апталық

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК-ның оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес Жаратылыстану-математикалық пәндер ПЦК-ның Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған пәндік апталығы басталды.

Жасампаздықты жаңа белеске көтерген — Тәуелсіздік

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК Гуманитарлық пәндер ПЦК-ның оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жасампаздықты жаңа белеске көтерген — Тәуелсіздік» атты пәндік апталығы басталды.

«ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ — ЖАСТАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ, ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» атты тәрбие апталығы

2020 жылдың 7 желтоқсаныда Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК «Жастар тәрбиесі — жастардың тағдыры, ұлттың тағдыры» атты тәрбие апталығының ашылу салтанаты өтті. Тәрбие бөлімінің мамандарының қатысуымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, коучинг-семинар өткізілді. Студент жастарға тәрбие берудің этнопедагогикалық, рухани-адамгершілік бағыттары жайында, колледждің оқу-тәрбие процесіне жаңа идеяларды, инновациялық бағыттарды енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды. Апталықтың барысы жоспарланып, жастар ісі жөніндегі инспектор Б.Төлебектің, Г.Турсынбекова, Л.Федяева және педагог-психолог А.Жампозованың баяндамалары тыңдалып, әлеуметтік педагог У.Асильбекова «Жастарға әлеуметтік және өзін-өзі тану, жетілдіру бағытындағы тәрбиелеу процесінде Абай мұраларын насихаттаудың заманауи әдістері» атты авторлық жобасымен таныстырды.

Жемқорлыққа жол жоқ

ҚР сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2020 жыл ғы 22 қарашадағы #1-5/5612 хатына сәйкес «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттердың санасын өзгерту, жемқорлыққа жол бермеу және адамгершілікке тәрбиелеу бағытында Индустриалды-техникалық колледждің көркемдік және саз жетекші Е.Шабданбековтың ұйымдаструымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында әлеуметтік роликті назарларыңызға ұсынамыз.