«Арулар – Асыл жандар» атты іс шара

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК 2021 жылдың 3 Наурызында көркемдік және саз жетекшісі Е.Шабданбековтың ұйымдаструымен мәжіліс залында «Арулар – Асыл жандар» атты іс шара өткізілді. Іс шараның мақсаты: Мерекенің басты мақсатының бірі – Студенттерге 8 наурыз халықаралық мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік, мейірім сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, студенттер бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.8 – наурыз мейрамы туралы түсінік беру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.Іс шарада директор экономика ғылымдарының докторы профессор Т.Исахметов колледж аруларын алғыс хаттармен марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған